Трамп пен Зеленский соғысты тоқтату мәселесін талқыламақ
28 шілдеде Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйде қабылдайды. Олар Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты тоқтату мәселесін талқылауы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақ үй өкілінің айтуынша, Зеленскиймен кездесу барысында көшбасшылар Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік процесін талқылайды.
"Қазір соғысты тоқтату уақыты келді", – деді дереккөз.
Сондай-ақ АҚШ президенті Нетаньяхумен Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты кездесу өткізеді деп болжанып отыр.

Ақ үй шенеунігінің айтуынша, Нетаньяхумен келіссөздер барысында Трамп Иранмен соғысты, Ливанмен келіссөздердің барысын және Авраам келісімдерін кеңейту жөніндегі күш-жігерді талқылайды.