Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел қызын дүниеге әкелуге көмектескен донорға ғашық болып, тұрмысқа шықпақ

ғашық болған әйел
Фото: people.com

АҚШ тұрғыны Джессика Шер 2005 жылы донорлық сперма арқылы дүниеге келген қызының биологиялық әкесі Аарон Лонгқа тұрмысқа шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Джессиканың айтуынша, ол кезінде донорды таңдағанда оның такси жүргізушісі екенін, музыкаға қызығатынын және әдеби шығармашылық бойынша дипломы бар екенін ғана білген. Донор анонимді болғандықтан, ер адамның кім екенін білмеген.

2005 жылы Джессика Элис есімді қызды дүниеге әкелген. Жылдар өте келе Элис өзінің биологиялық әкесін іздеуге қызығушылық танытып, 2016 жылы ДНҚ тестінен өткен. Соның нәтижесінде ол әкесін тауып, бір жылдан кейін анасымен бірге онымен кездесуге барған.

Джессика сол кездесуде Ааронға бірден ғашық болғанын айтады. Кейін бұл сезімнің өзара екені белгілі болып, екеуі бірге өмір сүре бастаған.

Кейін Аарон Лонгтың донорлық арқылы дүниеге келген тағы 22 биологиялық баласы бар екені анықталған. Қазір Аарон 60 жаста, Джессика 50 жаста. Жұп жақын арада шаңырақ көтермек, ал олардың үйлену тойын қызы Элис жүргізеді.

Еске салайық, бұған дейін Индонезия тұрғыны Хойрул Анам күріш пісіргішпен "үйленіп", төрт күннен кейін онымен "ажырасқанын" жариялап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Кейін оның бұл әрекеті қаралым жинау үшін жасалған әзіл контент екені белгілі болды.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 14 Маусым, 2026 19:54