Ер адам күріш пісіргішке үйленіп, төрт күннен соң ажырасып кеткен
Индонезияның Ява аралында көпшілікті күлдірген ерекше оқиға болды. Хойрул Анам есімді жігіт дәстүрлі үйлену тойына ұқсас рәсім жасап, күріш пісіргішті “өмірлік серігі” ретінде таңдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әлеуметтік желіге “қалыңдығымен” бірге той киімінде түскен суреттерін жариялаған. Жазбасында күріш пісіргішін “ұрыспайды, қарсы келмейді, күрішті тамаша пісіреді. Кез келген ер азамат армандайтын жар” деп әзілмен сипаттаған.

Алайда бұл “отбасылық өмір” ұзаққа созылмады. Төрт күннен кейін жігіт “жарымен” ажырасқанын хабарлаған. Айтуынша, ажырасуға басты себеп – күріш пісіргіштің тек күріш әзірлей алатыны.

Кейін бұл оқиғаның шындығы белгілі болды. Индонезиялық жігіт контентмейкер екен. Ол мұның бәрін әлеуметтік желідегі қаралым мен оқырман санын арттыру үшін ойлап тапқан.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан