AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басшылық өз командасын әкеліп, бұрынғы қызметкерлерді қудалады": ІІМ өзіне қол салған полиция қызметкерінің айыптауларына жауап берді

Сәуір айының басында Шымкент полиция департаменті баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзін-өзі қол жұмсамақ болған еді. Ол мұндай қадамға баруына басшылықты кінәлап, ары қарай шыдай алмайтынын айтып жазған соңғы хатын Facebook парақшасында жариялады. Ішкі істер министрлігі Stan.kz порталының ресми сауалына жауап беріп, Мөлдір Бекееваның жазбасына қатысты түсінік берді. 

Атап айтқанда, Мөлдір Бекеева жазбасында Шымкент полиция департаменті жаңа басшысы Қайрат Дәлбековтің Түркістан облысынан өзінің ескі командасын көшіргенін айтты. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі растап, облыстық департаменттен қалалық департаментке барлығы сегіз полицей ауысып келгенін жеткізді. 

“Дәлбеков қызметке келгелі бері қаңтар-ақпан айларында Түркістан облысы полиция департаментінен Шымкент қалалық полиция департаментіне 3 басқарма басшысы, олардың 2 орынбасары және 3 қатардағы қызметкер келді. Олар бос лауазымдарына тағайындалды”, – деп жауап берді ІІМ баспасөз қызметі. 



Сондай-ақ Бекеева ДП басшылығы бұл жағдайды "ауысып келіп жатқандардың барлығы Түркістанда пәтер жалдап тұрады. Шымкентте үйлері жоқ” деп түсіндіргенін атап өтті. Ол бұл қызметкерлерге төрт жыл бойы Түркістанда неге қызметтік тұрғын үй бөлінбеген деп сынға алған болатын. ІІМ бұл жағдайға да қатысты пікір білдірді.

“2018 жылы президент Түркістан облысының жаңа әкімшілік бірлігін құру туралы жарлыққа қол қойды. Орталығы Түркістан қаласы болды. Ал, Шымкентке дербес мәртебе беріліп, республикалық маңызы бар қалаға айналды.

Соның негізінде ОҚО полиция департаментінің 200-ден астам қызметкері Түркістан қаласына қоныс аударды. (2018 жылы бұл қалада инфрақұрылым дамымаған). Ал полиция департаментінің отбасылары Шымкентте қалды. Қызметкерлер 1,5 жыл бойы Түркістанда жалдамалы пәтерде тұрды. Тұрғын үй жетіспей, олардың көпшілігі Түркістаннан 30 шақырым жерде орналасқан Кентауда да тұруға мәжбүр болды. 2020 жылдың наурыз айында Түркістан қаласы әкімдігі 42 қызметтік пәтер бөлді. Бұл пәтерлер облыс орталығының коммуналдық кәсіпорындары басқаруында. Ал қалған қызметкерлерге жалдау ақысы төленеді”, – дейді ІІМ. 

Бұнымен қоса Бекеева Түркістан облысының полициясынан Шымкентке ауысқан Салтанат Қаракөзоваға бірқатар шағым айтқан. Ол: "Қарагөзова Түркістанда мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана ала тұрып, неге жұмыс орнын өзгертті " деп сұраған болатын. ІІМ Қарагөзованың Түркістаннан үй алғанын да растап берді. 

“Иә, шынымен де полиция полковнигі Қаракөзова С.Б. Түркістан облысы ПД-нің басқа қызметкерлерімен бірге 2020 жылы қызметтік баспанаға ие болды. Бірақ, ол Шымкент қалалық ПД ауысқаннан кейін, орнына Түркістан облысы ПД-нің басқа қызметкерлері тұрақтады", – деп жауап берді ІІМ баспасөз қызметі. 

Сонымен қоса Мөлдір Бекеева жұмысынан кетпей жатып, Қарагөзованың әлеуметтік желілерде өзін Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы деп жариялағанын айтқан еді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, олар әртүрлі қызмет атқарады. 

“Шымкент қаласы полиция департаменті басшының 2022 жылғы 23 ақпандағы бұйрығымен полиция полковнигі Қаракөзова С.Б. Шымкент қалалық ПД штабы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Салтанат Қаракөзованың БАҚ-пен өзара іс-қимыл саласындағы көп жылдық тәжірибесі және заң саласындағы еркін бағдары ескеріліп, сыртқы және ішкі бұйрықпен ақпараттық коммуникациялар бөлімінің кураторы болып тағайындалды. Яғни, полиция департаментінің ресми өкілі болды”, – дейді ІІМ. 

Ведомствоның хабарлауынша, Мөлдір Бекеева 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап ішкі және сыртқы коммуникациялардың басшысы қызметін атқаруды жалғастыруда. Ол полиция департаментінің баспасөз хатшысы қызметін атқарады. 

Сонымен қатар, Бекеева Шымкент ПД бухгалтерін жалақысын уақытылы алмағаны үшін айыптап, өзіне осындай жолмен қысым көрсетіліп жатқанын айтты. Алайда ІІМ бұл айыптауларды жоққа шығарды.

“Бүгінгі күні Мөлдір Бекеевамен бірге ағымдағы жылдың 31 наурызына жалақы есептелді, керісінше, бухгалтердің қателігінен оның есеп шотына 8 наурызға екі рет сыйлықақы аударылды, оны ішінара қайтарудан бас тартты”, – делінген хабарлмада. 

Ішкі істер министрлігі Бекееваның жазбасы бойынша тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті айналысып жатқанын мәлімдеді. 

“Сотқа дейінгі тергеу барысында олар Мөлдір Бекееваның Facebook парақшасында жарияланған хатта көрсетілген барлық уәждерді тексереді”, – дейді ІІМ-нен. 

Айта кетсек, Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева деп көрсетілген аудио жазба әлеуметтік желіде үлкен талқылауға түскен. Онда әйел адамның қызметкеріне жекіп сөйлеп, былапыт сөздер айтқанын естуге болады. Тіпті жұмыстан босату жөнінде мәселе қарайтындығын жеткізген дауыс иесі, әдеп нормаларын сақтамай, аузына келген ағат сөздерді қарша боратқан. Бұл жазбадан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Бекеева өзіне қатысты даудан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Қазіргі таңда оның денсаулық жағдайы белгісіз. 

Ведомство өкілі өзіне қол салмас бұрын Facebook желісінде жазба жариялаған. Өз жазбасында Мөлдір Бекеева ПД жаңа басшылығын айыптап, мұндай қадамға баруына мәжбүр еткенін жеткізді.  

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет М. Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша ҚК 105-бабы 1-бөлігі (жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр