Алматы, Астана мен Шымкентте "Шымыр" қазақстандық боевигінің тұсаукесері өтті

Ресми трейлері: YouTube сілтемесі
Қылмыстық топқа қарсы шыққан қарапайым адамның оқиғасы, тартысқа толы сәттер мен танымал актерлер. 29 қазаннан бастап қазақстандық көрермен "Шымыр" боевигін кинотеатрлардан тамашалай алады. Фильмде бас кейіпкер ақшасы мен байланысына, күшіне сенген ықпалды қылмыстық топқа қарсы тұрады.
27 қазанда Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында фильмнің тұсаукесері өтті. Ал 28 қазанда картинаны Астана мен Шымкент қалаларының көрермендері тамашалады. Кештерге қазақстандық кино, музыка, медиа және цифрлық индустрия өкілдері қатысты.
Тұсаукесерге кәсіпкер Телман Нағашбаев, актер Есентай Ниязбаев, блогерлер Разиюша мен Бегали Жәкен, сондай-ақ әнші Ayau келді. Кештің арнайы қонағы Қайрат Нұртас болды. Ол киноға алғаш рет үлкен рөлмен қадам басқан қызы Алауға қолдау көрсету үшін келген.
Фильмде басты рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Азамат Сатыбалды, Ақбота-Нұр және Алау Қайратқызы сомдаған. Еркебұлан Дайыров көрерменге "Томирис", "Балуан Шолақ" фильмдері мен "Бауыржан Момышұлы" телехикаясынан таныс. Азамат Сатыбалды "Рэкетир 2", "Томирис", "Анаға апарар жол" картиналарында ойнаған. Ал Ақбота-Нұр кино мен теледидардағы рөлдері арқылы танылған.
Картинаның режиссері – Анвар Матжанов. Ол көрерменге "Таптым-ау сені", "Брат или брак 3", "Патруль", "Қазақша бизнес" фильмдер топтамасы, "Гәп" және "Оттегі" жобалары арқылы белгілі. Оның "Таптым-ау сені" фильмі прокатта 1,9 миллиард теңге, ал "Брат или брак 3" картинасы 1,3 миллиард теңге жинаған. Бұл жолы режиссер қылмыс әлеміндегі тартыс пен қызу шайқасқа құрылған оқиғаны ұсынып, боевик жанрында бағын сынап көрді.
Фильмнің түсіріліміне Dasco Capital басқаруындағы Tolqyn Film Fund қолдау көрсетіп, жобаның бас инвесторы болды. "Шымырдың" прокатқа шығуы отандық киноның жаңа жанрларын дамытуға жол ашып, көрерменге қазақстандық боевикті ұсынады.
Тұсаукесер өтетін кинотеатрдың кеңістігі де фильмнің мазмұнына сай безендірілді. Кіреберісте баспасөз қабырғасы мен тақырыптық фотобудка орнатылып, екінші қабатта серіктестердің интерактивті алаңдары ұйымдастырылды. Іс-шараға TechnoFit, Zamran, Jameson және Colossus компаниялары серіктес болды.

Тұсаукесердің ақпараттық серіктестері қатарында НТК, WE project, Gorod 24, Sxodim, Qangybas, Almaty Today, STEPPE, Stan.kz, "Той Думан" телерадиокомпаниясы, Kuda Almaty, Tan Media Group, Forbes және Arbat Media бар.
Фильм не туралы?
Шымыр тракторға қажетті қосалқы бөлшекті алу үшін қалаға, әскердегі досы Елдосқа келеді. Алайда көп ұзамай өзі күтпеген қауіпті оқиғаның ортасында қалады. Қаладағы ықпалды қылмыстық топпен бетпе-бет келген ол әділетсіздікке үнсіз қарап тұра алмайды.
Сабырлы әрі көп сөйлемейтін Шымыр қарсыластарына күшпен де, ақылмен де төтеп беруге бел буады. Өзінің жауынгерлік машығына сүйенген ол өзін әлсіз санап, менсінбеген адамдарға қарсы шығады.
Фильм туралы мәлімет:
* Жанры: экшн, боевик
* Тілі: қазақ тілі, орысша субтитрлер
* Елі: Қазақстан
* Режиссері: Анвар Матжанов
* Басты рөлдерде: Еркебұлан Дайыров, Ақбота-Нұр, Азамат Сатыбалды, Алау Қайратқызы, Қуантай Әбдімади, Олжас Тоғымбет
* Композиторы: Абай Ақбаев
* Операторы: Шерхан Таңсықбаев
* Бас инвесторы: Dasco Capital басқаруындағы Tolqyn Film Fund
"Шымыр" — 29 қазаннан бастап барлық кинотеатрда!

1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді