Қазақстандықтар ақшасының 42%-ын тамаққа жұмсайды: Басқа елдерде қалай
Қазақстан тұрғындары тұтынушылық шығындарының 41,7%-ын азық-түлікке жұмсайды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан мен Түрікменстаннан кейін тұр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Visual Capitalist АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы деректеріне сүйеніп, әлем елдеріндегі халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығын үлесін салыстырған.
Зерттеу мәліметінше, Қазақстанда тұтынушылық шығынның 41,7%-ы тамақ өнімдерін сатып алуға кетеді. Өзбекстанда бұл көрсеткіш 44,8%, ал Түрікменстанда 46,3%-ға жеткен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 2026 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 8,5%-ға өскен. Бұл ретте жалпы инфляция 9,3% болған.

Әлемдік көрсеткіштерге қарасақ, азық-түлікке ең көп қаржы жұмсайтын елдердің қатарында Нигерия, Мьянма және Лаос бар. Нигерияда халықтың тұтынушылық шығынының 56,2%-ы, Мьянмада 54,8%-ы, Лаоста 54%-ы тамаққа жұмсалады.
Ал АҚШ-та азық-түлік шығынының үлесі 6,4%, Сингапурда 6,7% шамасында. Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 8%-ға жуық.
Аталған деректер елдер арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Дегенмен азық-түлікке жұмсалатын шығын үлесі тек бағаға емес, халықтың табысына және тұтыну құрылымына да байланысты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ауыл кәсіпкерлері маркетплейстерге қосылатыны белгілі болды.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды