AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында тонау фактілерін видеоға түсіріп алған шекарашыны жұмыстан қуып, соққыға жыққан

Экс-шекарашы өз командирлерін мемлекеттік мүлікті ұрлады деп айыптады. Осыдан соң ер адам заңсыз жұмыстан шығарылып, тіпті шабуыл жасалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Ер адамның айтуынша, бұрынғы басшылары азық-түлік, шөп және басқа да тұрмыстық тауарларды филиалдан жүк көліктерімен сату мақсатында алып кеткен. 

Ол бұл фактілер туралы қарсы барлау қызметіне хабарлаған. Бірақ ол жердегілер шара қолданбаған. Айтуынша, басшылық оның қарсы барлау қызметіне шағымданғанын білгенде, заңсыз жұмыстан шығарып, оған қарсы шабуыл ұйымдастырған.

Келісімшарт бойынша жұмыс істеген бұрынғы сарбаз Әбен "ҚАҚПАҚ" шекара заставасында мемлекеттік мүлікті ұрлау фактілері болғанын жеткізді. Оның айтуынша, осы жылдың ақпан айында қоймалардан ірі көлемде мал азығы, ет, көмір және азық-түлік экспортталған. Бұл бөлімнің қолбасшылығымен ойластырылған көрінеді. 

"Мен бастықтардың барлық заңсыз әрекеттерін телефоныма түсіріп, тиісті органдарға, атап айтқанда әскери қарсы барлау қызметіне апардым. Ол жерде ешқандай да іс қозғалмады, бірақ мені басшылыққа "ұстап берді". Қызметкер бастығыма қоңырау шалып:"Қол астыңдағы қызметкерің сені сатып кетті" деп айтты, — дейді Әбен. 

Барлық әріптестерім бұл туралы білгенмен ер адам қолдау көрсетпепті.

"Ақырында шекара заставасының командирі мені жұмыстан шығаруға себеп тапты", – дейді Әбен. 

Оның айтуынша, қызметтен кеткеннен кейін бұрынғы басшылары оған қарсы шабуыл ұйымдастырған. Әскери полиция қызметкерлеріне командирі мен оның орынбасарларына қарсы куәлік берген күні оны бірнеше адам соққыға жыққан. 

"Бұзақылардың бірі оны ұрып-соққан кезде, оған:" неге бастықтарыңды ұстап бересің?! Ол жерде бәрі ойластырылған, сен бәрібір ештеңе жасай алмайсың" деген. Яғни, бұл оның басшылығы тарапынан тапсырыстық сипатта ұйымдастырылған деп болжауға негіз бар", — дейді адвокат Құрманғазы Мүсір.

Шабуыл жасағандардың бірінің десант-шабуыл жасағының әскери қызметкері екені белгілі болды. Адвокаттың айтуынша, тергеу оны іс жүзінде көрсетпеуге тырысуда. 

Полиция күдіктілер ретінде бес адам ұсталғанын айтты. Оның бірі – Алматы облысының тұрғыны.

"Белгісіз адамдар мас күйінде жәбірленушіге бұзақылық ниетте шабуыл жасаған. Аталған дерек СДТБТ-ға "бұзақылық" бабы бойынша тіркелді. Сараптамаға сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келген", — дейді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қанат Думшебаев. 

Бұрынғы әскери қызметші қызметтегі әріптестерінің әлімжеттік көрсету, бопсалау және маскүнемдік фактілері болғанын да мәлімдейді. Өз сөздерінің дәлелі ретінде ол видео және фото материалдарды ұсынуға дайын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр