AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Шымкент полиция департаменті қызметкерінің былапыт сөз айтқан аудиосы таралды

Шымкент полициясы желідегі тараған аудио жазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева деп көрсетілген аудио жазба әлеуметтік желіде үлкен талқылауға түсіп жатыр. Онда әйел адамның қызметкеріне жекіп сөйлеп, былапыт сөздер айтқанын естуге болады. Тіпті жұмыстан босату жөнінде мәселе қарайтындығын жеткізген дауыс иесі, әдеп нормаларын сақтамай, аузына келген ағат сөздерді қарша боратқан.

Бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Қайрат Дәлбеков бұл жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізілетіндігін айтты.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына бейнежазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады" - делінген Қайрат Дәлбековтың жазбасында.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр