Шатырдың үстінен полицейлерге оқ атқан: Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан мерген туралы белгілі болды
Арнайы прокурорлар Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде полицейлерге оқ атқан төрт мергеннің бірінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Сыбайластары қаза тапқан мергеннің денесін шатырдан алып, қалалық аурухананың жанына тастап кеткен, кейін оның денесі мәйітханадан табылған.
"Қаңтар оқиғасы кезінде тұрғын үйдің шатырында тұрып, Алматы қалалық ІІБ қызметкерлеріне оқ атқан С. есімді азамат болып шықты", - деді Қилымжанов.
- Шымкентте қаңтар оқиғаларын қаржыландырған күдікті қолға түсті
- Қаңтар оқиғасы салдарын жоюға бюджеттен 37 миллиард теңге бөлінеді
Қалған үш лаңкестің аты-жөнін анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Айта кетейік, 11 сәуір күні өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын айтты.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?