Шымкентте қаңтар оқиғаларын қаржыландырған күдікті қолға түсті
Шымкентте қаңтар оқиғаларын қаржыландырды деген күдікпен бір азамат тұтқындалды. Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шымкентте С. есімді азамат жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырды, арматура, тас пен Молотов коктейлін жеткізуді ұйымдастырды деген күдікпен тұтқындалды. Бұл заттар 5 қаңтарда қала әкімдігі мен полиция департаментіне шабуыл кезінде қолданылған. Сонымен қатар Шымкент алаңында тәртіпсіздікке қатысқан 52 азамат анықталды, 12 арандатушы бейне бақылау жазбасы арқылы анықталды", – деді Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Жамбыл облысында 18-31 наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы мен тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан 140 азамат тұтқындаоған. Сонымен қатар бұл аймақтағы ұйымдасқан қылмыстық топтың екі көшбасшысы қамауға алынған.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"