Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы салдарын жоюға бюджеттен 37 миллиард теңге бөлінеді

Қазақстан қаңтар оқиғасының салдарын жоюға 37 миллиард теңге бағыттайды. Бұл туралы мәжілісте 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын таныстырған қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қаңтар

Айтуынша, биыл президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 триллион теңге бөлінеді.

"Қаңтар оқиғасының салдарын жоюға 37 миллиард теңге жұмсалады. Оның ішінде Алматы қаласында және басқа өңірлерде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуге 21 миллиард теңге бөлінеді", - деді Савельева.
Жалпы ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ШОБ-ты қолдауға қажеттілік 45 миллиард теңгені құраған. Бұған дейін үкімет резервінен 24 миллиард теңге бөлініп қойды.

Ал жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген әкімшілік, әлеуметтік және коммуналдық нысандарды, инфрақұрылымды қалпына келтіруге 10 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы қажеттілік – 22 миллиард теңге, үкімет резервінен 12 миллиард теңге қарастырылған.

Сондай-ақ Алматы қаласындағы президент резиденциясы ғимаратын сүруге 6 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Талқылау