Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелге шығуыма рұқсат беріңіздерші: Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты

Аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты. Хамитовтың қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қандай жаза болмасын, менің шетелге шығуыма мүмкіндік болуын сұраймын, өйткені мен халықтың намысын қорғаймын», - деді Қуат Хамитов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитовтың ісі қаралып жатыр. Хамитовтың қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралуда.

«Алмалы аудандық соты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық істі қарайды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кету керек, «Биліктің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыруға, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақыру» бабы бойынаша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қуат Хамитов тікұшақтарға оқ атып, дезинфекциялаушыларды соққыға жығуды сұрады. Олар тағы да «халықты улай бастайды» деді спортшы.

Кейінірек, бұл видеоны әзіл түрінде түсіргенін және ешкімді ренжіткісі келмегенін айтты. Спортшы ешкімді жаман қылықтарға шақырмайтынын атап өтті.

Спортшы Қуат Хамитовтың ісіне қатысты сот отырысы Алматыда өтіп жатыр.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Қуат Хамитов желіде таратқан ақпаратқа қатысты Алматы қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Полиция тергеуінен шыққан Хамитов журналистерге болған жайт туралы пікір білдірді. 

Талқылау