Алматыда Қуат Хамитовты соттап жатыр
Спортшы Қуат Хамитовтың ісіне қатысты сот отырысы Алматыда өтіп жатыр. Қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соттың негізгі талқылауы 18 қаңтарда өтті.
"Алмалы аудандық соты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық істі қарайды", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
"Мемлекеттік қызметкерлердің заң талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" бабының санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қуат Хамитов тікұшақтарға оқ атып, дезинфекциялаушы адамдарды соққыға жығу керек екенін айтқан болатын.
Марқұмның бөлмесіне дән шашып, айнаны неге жабады? Қазақтың жерлеу рәсімдеріндегі ырымдардың мәні қандай
Жанболат Қазанбаевтың айтуынша, ақ түстің қазақ дүниетанымындағы орны ерекше
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады