Pinduoduo мен Claude компаниясы Қазақстанға 8 миллиард теңге салық төледі
Pinduoduo мен Claude жасанды интеллектін әзірлеуші Anthropic компаниясы Қазақстан бюджетіне 8 миллиард теңге салық төледі. Ал салық талаптарын орындамаған Farfetch онлайн-платформасына ел аумағында қолжетімділік шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Pinduoduo 6,8 миллиард теңге (15,1 миллион доллар) төлеген. Ал Anthropic компаниясы өткен кезеңдердегі салық берешегі ретінде 1,2 миллиард теңге (шамамен 2,6 миллион доллар) төлеп, салық органдарының талабын орындаған.
Комитет сонымен қатар Ұлыбританияда тіркелген Мемлекеттік кірістер комитеті Farfetch платформасының операторына салықтық тексеру нәтижесі бойынша ескерту жолдағанын мәлімдеді. Алайда Farfetch салық органының талабын орындамағандықтан, Қазақстанда платформаның сайты бұғатталды. Комитеттің түсіндіруінше, заңнамада салық талаптарын орындамаған жағдайда шетелдік интернет-платформалардың ресурстарына қолжетімділікті шектеу қарастырылған. Мұндай шаралар Қазақстан бюджеті алдындағы міндеттемелерін орындамаған және тиісті талаптарға жататын барлық шетелдік платформаларға белгіленген тәртіппен қолданылады.
Farfetch — киім, аяқкиім және аксессуарлар, соның ішінде танымал брендтердің өнімдері сатылатын халықаралық онлайн-платформа.
Еске салсақ, былтыр Қазақстандағы ең ірі бес маркетплейс жалпы шамамен 185,2 миллиард теңге салық төлеген еді.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
