Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов Мейрамбек Беспаевтың 50 жасына шапан жапты

Мейрамбек Бесбаев
Фото: Instagram.com/ibragimovserik/

Әнші Серік Ибрагимов 50 жас мерейтойын атап өтіп жатқан Мейрамбек Беспаевқа ерекше құрмет көрсетті. Ол өнердегі ағасына шапан жауып, ақ тілегін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші Мейрамбек Беспаевтың Қызылордада өткен концертінде күтпеген сый жасады. Ол өзі бұл кешке қатыса алмайтын болғандықтан арнайы досын жіберген. Өнер иесінің жолдасы мерейтой иесінің иығына арнайы жіберілген шапанды жапты.

Серік Ибрагимовтің досы көпшілік алдында сөз сөйлеп, Серіктің кейінгі уақытта кино саласына ден қойғанын әзілмен жеткізді.

“Осыдан екі жыл бұрын “Заманбек” деген кино түсіріп, 1,5 миллиард касса жинаған. Қазір “Заманбек-2” деген кино түсіріп жатыр. Құнықты ма, білмеймін ғой енді”, – деп қалжыңдады ол.

Ал әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында Мейрамбек Беспаевқа деген ерекше ықыласын білдіріп, мерейтойымен құттықтады.

“Мейрамбек ағамыздың 50 жас кеші құтты болсын! Ағамды ерекше жақсы көремін, сыйлаймын”, – деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі інісі Әбдіжаппар Әлқожаға сәйгүлік сыйлағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 20 Қазан, 2026 14:48