Мейрамбек Бесбаев әнші Әбдіжаппар Әлқожаға сәйгүлік сыйлады

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі інісі Әбдіжаппар Әлқожаға сәйгүлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әбдіжаппар Әлқожа қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видео жариялады. Оның айтуынша, “МузАрт” тобының мүшесі бұл сыйды “осындай абырой саған да жұғысты болсын” деген ниетпен тарту еткен.
“Мынау – Манат ағамыздың аттары. Ол Мейрамбек ағаға көкпарда “біреуін таңдап ал” деп ат сыйлаған екен. Ал Мейрамбек аға сол атты маған сыйлады. Алла қаласа, ағаның 50 жас мерейтойы ғой. “Осындай той, абырой саған да жұғысты болсын” деп тарту етіп жатыр. Осы сәйгүлікті таңдап, иемденіп жатырмыз”, – деді ол.
Әншінің атының есімі – “SeriSi”.
Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев әнші Еркеш Хасенге де көлік мінгізген еді. Өнер иесі Cover Show бағдарламасына қатысушы ретінде барған. Сол кезде Мейрамбек Беспаев оның көлігі жоқ екенін білген. Келесі күні әншілер сол жобаның түсірілім алаңында қайта кездескен. Сол сәтте Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенді жеке шақырып, оның көліксіз жүргені жанына батқанын ашық айтқан. Кейін оған көлік алып беру ниетін жеткізген.
Оқыңыз