Никол Пашинян Жапаровты "Қазақстан президенті" деп атап, кейін протокол басшысын қызметінен босатты
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Қазақстан басшысы деп шатастырып алды. Ол қателігін бірден түзетпей, Жапаровты бірнеше рет Қазақстан президенті ретінде таныстырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рastinfo порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 17 қазанда COP17 конференциясы кезінде болған. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ереванға келген.
"Ең алдымен, Қазақстан президенті Садыр Жапаровты Арменияға қайта келгенімен құттықтағым келеді", — деді Никол Пашинян.
Армения үкіметінің басшысы қағазға жазылған мәтінді оқып тұрған. Баспасөз алдында сөйлеген кезде де Пашинян Садыр Жапаровты бірнеше рет Қазақстан басшысы деп атаған.

Журналистердің мәліметінше, шарадан кейін премьер-министр болған жағдайға наразылық білдіріп, хаттамалық қызметтің басшысы Гагик Ваноянды қызметінен босатқан. Ол бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келген.
Еске салсақ, Никол Пашинян Қазақстанға, Астанаға келгенде Instagram-парақшасында қазақ әуенімен баршаға жүрек белгісін көрсеткен еді.
Марқұмның бөлмесіне дән шашып, айнаны неге жабады? Қазақтың жерлеу рәсімдеріндегі ырымдардың мәні қандай
Жанболат Қазанбаевтың айтуынша, ақ түстің қазақ дүниетанымындағы орны ерекше
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
