Кеңес беру ақылы деп 43 мың клиенттен артық ақша алған: "Экспресс Займ" микроқаржы ұйымы тергеуге ілікті
"Экспресс Займ" микроқаржы ұйымы 43 мың азаматты алдады деген күдікке ілінді. Тергеу дерегінше, компания клиенттерге микрокредит рәсімдеу үшін міндетті деп көрсетіп, ақылы кеңес беру қызметін қосымша төлеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше "Экспресс Займ" микроқаржы ұйымы еліміздің 18 өңірінде микрокредит беру кезінде азаматтарды жаппай алдаған.
“2024 жылдың тамызында ұйым ақылы кеңес беру қызметін енгізген. Оның құны қарыз сомасына қарай белгіленіп, қарыз алушының негізгі берешегіне қосылған. Клиенттерге бұл қызметтің ақысын төлемейінше микрокредит ала алмайтынын немесе қарызды қайтару мерзімін ұзарта алмайтынын айтқан. Ал ақылы қызметтен бас тартуға болатынын жасырған. Салдарынан қарыз алушылар қолына тиесілі сомадан аз ақша алғанымен, қарызды сыйақысымен қоса толық қайтаруға міндеттелген. Микрокредитті қайтару мерзімін ұзартқан сайын ақылы кеңес беру қызметі қайта рәсімделіп отырған”, – делінген хабарламада.

Агенттік осылайша микро қаржы ұйымының 43 мың азаматпен ақылы кеңес беру қызметіне қатысты 181 мыңнан астам шарт жасасқанын алға тартты.
Қазір микроқаржы ұйымы директорының орынбасары үйқамаққа алынған. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда бес жылдан бері қарызын өтей алмағандар бір айда банкрот бола алатыны туралы мәлімдеген едік. Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанда қарыз мәселесін шешудің үш жолы бар екенін түсіндірді.
Марқұмның бөлмесіне дән шашып, айнаны неге жабады? Қазақтың жерлеу рәсімдеріндегі ырымдардың мәні қандай