Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен өз айтқанымда тұрамын": Хамитов журналистерге болған жайт туралы пікір білдірді

Желідегі шулы жазбасынан кейін басы дауға қалған ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың үстінен іс қозғалған еді. Алматы полициясы одан жауап алған соң, оны үйіне жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қуат хамитов

Полиция тергеуінен шыққан Хамитов журналистерге болған жайт туралы пікір білдірді. 

"Біріншіден халыққа, жанкүйерлеріме, қолдау білдірген журналистерге алғыс білдіремін. Ешқандай қысым болған жоқ, қазір бостандықтамын. Мен халықтың адамымын, өз ой-пікірімді бөлісіп отырамын. Өз азаматтық позициямды ел атынан білдіріп отыратын кездер де болады. Мен қашанда өз айтқанымда тұрамын. Ойым өзгерген жоқ. Бірақ ешкімді атып-қырудың қажеті жоқ. Ауылда бұрын таспен, таяқпен ататын. Ата-апаларымыз айтып отыратын. Бірақ ешкімді атудың қажеті жоқ. Ойым, ісім халықпен бірге. Егер бірдеңенің халыққа зияны тисе, халықтың атынан сөйлеймін", - деді Хамитов.

Сондай-ақ, спортшының екі аптадан соң Мәскеуде Олег Косинов есімді спортшымен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды. Қазір қызу дайындық үстінде екен. 

Талқылау