2027 жылдан бастап елімізде 11 жастағы ұлдарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салынады
2027 жылдан бастап Қазақстанда 11 жастағы ұл балаларға адам папилломавирусына (АВП) қарсы пилоттық режимде вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Қазақстан қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.
"2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі 2027 жылы денсаулық сақтау саласына 2,5 триллион теңге бөлінетінін айтты.
Бұл қаражат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және медициналық сақтандыруға бағытталады.
Сондай-ақ вице-министрдің айтуынша, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің (АМСК) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне өтуіне байланысты денсаулық сақтау саласында 453 миллиард теңге қайта бөлінді.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) мемлекет жарналарын есептеу кезінде қолданылатын медианалық жалақының өсуіне байланысты қосымша 185 миллиард теңге қарастырылды", — деді ол.
Қаржыландыру профилактикалық шараларды да қамтиды. Мәселен, 2027 жылдан бастап 11 жастағы ұл балаларға адам папилломавирусына (АВП) қарсы вакцина салу басталады.
Адам папилломавирусы (АВП) — 200-ден астам вирус түрін қамтитын топ. Олардың шамамен 40 түрі жыныстық жолмен берілуі мүмкін. 14 түрі онкогенді болып саналады және жатыр мойны обыры мен қатерлі ісіктің кейбір басқа түрлерін тудыруы мүмкін. АВП-ға қарсы вакцина вирустың ең қауіпті түрлерінен қорғайды және онымен байланысты онкологиялық аурулардың дамуының алдын алуға көмектеседі.
Қазақстанда адам папилломавирусына қарсы вакцинация 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жүргізіле бастады. Қазір вакцинаны тек 11-13 жастағы қыздар алады. Ол профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне енгізілген. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі: екпе қыздардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен ғана салынады.
Еске салсақ, осыған дейін 11 жастан асқан қазақстандық қыздар енді америкалық "Гардасил-9" вакцинасын алатынын жазғанбыз.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
