Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жастан асқан қазақстандық қыздар енді америкалық "Гардасил-9" вакцинасын алады

вакцина
Фото: magnific.com

11 жастан асқан қыздар тағы да вакцина алады. Еліміз америкалық "Гардасил-9" екпесін сатып алды. Бұл арқылы қатерлі ісік, яғни мойын обыры секілді онкологиялық аурудан қорғанбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы 160 мыңға жуық доза Қазақстанға биыл маусымда әкелінген. Оның 90 мыңнан астам мөлшері өңірлік ауруханаларға жеткізілсе, қалған бөлігі тамыз айында тасымалданбақ. Екпенің екінші партиясы да көпке ұзамайды. Қазан, қараша айларында жергілікті ауруханалар сөресін тағы толықтырады. Шамамен 94 мың доза.

Адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу елімізде осыдан екі жыл бұрын басталған. Бұл ем-дом шаралары ерікті түрде немесе қыз балалардың ата-анасының рұқсатымен жасалады.

“Бұл вакцинаның, төрт валенттік вакцинасынан айырмашылығы, "Гардасил 4" вакцинасы құрамындағы төрт стереотипке қоса, қосымша бес онкогендік вирустарға қарсы қорғаныш қасиеті бар. Бұл вакцина ұлттық егу күнтізбесіне ешқандай да өзгеріссіз енгізіледі. Егер қыздар бұрынғы курсын "Гардасил-4" вакцинасымен бастаса, әрі қарай тоғыз валенттік вакцинамен жалғастыруға болады”, – деді қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы қыркүйек айында Қазақстанда папиллома вирусына қарсы қыздарды вакцинациялау басталған еді. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 қаулысына сәйкес, 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялаудан өту керек болды. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жастағы қыздарға иммундау жүргізілетіні айтылды. 

2028 жылдан бастап қазақстандық ұлдарға адам папилломасына қарсы вакцина салынады.

Қырмызы Скендір
Жұма, 31 Шілде, 2026 08:09