Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Температура нормадан жоғары: Қазан айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

күзгі жапырақтар
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет қазан айына арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктер қазан айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан 1–2°С жоғары болатынын айтады.

Ал Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында және Абай облысында норма шамасында күтіледі.

"Қазан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болады деп болжанады. Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында нормадан жоғары жауын-шашын күтіледі", - деп болжады синоптиктер.

Ал Жамбыл облысының басым бөлігінде, Жетісу облысында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының оңтүстік жартысында, Абай облысында, Түркістан облысының солтүстік жартысында және Алматы облыстарында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжанады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы +3, +10°С, республиканың оңтүстік жартысында +11, +16°С аралығында күтіледі.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2026 18:25