Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте блефаропластикадан кейін әйелдің бір көзі көрмей қалды

көз түсін өзгерткен әйел
Фото: magnific.com

Шымкент қаласында тиісті маман сертификаты мен лицензиясы болмай пластикалық хирургия саласында медициналық қызмет көрсеткен тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотпен оның жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасағаны, нәтижесінде жәбірленушінің бір көзінің көру қабілетін толық жоғалтқаны анықталды. Сот үкімімен тұлға ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

 Абай ауданының прокуратурасы ескертеді: тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ тұлғалардың медициналық қызметіне жүгіну азаматтардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Медициналық көмекті тек лицензиясы бар медициналық ұйымдар мен білікті мамандардан алуға шақырды.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы ПД экс-басшысының орынбасарына сот үкімі шықты.

Ислам Әден
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2026 15:07