Wildberries-те AI арқылы дайын образ жинайтын функция пайда болды
Енді Wildberries-тің тауар карточкасында пайдаланушылар жекелеген затты қарап қана қоймай, оны дайын капсулалар құрамында көре алады. Осы ұсыныстардың арқасында шопинг жай ғана керек затты іздеуден, өзіне ұнайтын дайын образды таңдауға болады.
Жаңа функция тікелей тауар карточкасында қолжетімді. Ол сатып алушыларға "Не сатып алу керек және оны немен үйлестіруге болады?" деген сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.
"Енді бір-біріне үйлесетін заттарды ұзақ іздеудің немесе жаңа алған киіміңіздің гардеробыңыздағы басқа заттармен үйлесе ме деп уайымдаудың қажеті жоқ. Нейрожелі мұның бәрін бірнеше секунд ішінде жасап, образды толықтыруға арналған 10-ға дейін дайын нұсқаны ұсынады", – деп мәлімдеді Қазақстандағы Wildberries баспасөз қызметі.
Функцияны пайдалану үшін тауар карточкасын ашып, негізгі суреттегі "Образ идеялары" батырмасын басу жеткілікті. Осыдан кейін АІ тауарды талдап, оның түсін, пішінін, ұзындығын, матасын, стилін, маусымын және қандай мақсатқа арналғанын анықтайды.
Содан кейін алгоритм маркетплейстегі басқа киімдер, аяқ киімдер мен аксессуарлардың ішінен осы затқа үйлесетіндерін іздеп, дайын образдардың бірнеше нұсқасын ұсынады. Пайдаланушы өзіне ұнаған заттарды таңдап, бірден себетке қоса алады.
"AI-модель маркетплейске жаңа тауарлар қосылған сайын деректерін жаңартып отырады. Ол бірдей образдарды қайталамауға тырысып, бір затқа барынша көп түрлі үйлесім ұсынады. Осылайша сатып алушы заттың қалай үйлесетінін жан-жақты көріп, сатып алу туралы неғұрлым саналы шешім қабылдай алады", – деп қосты компания өкілдері.
"Образ идеялары" функциясы қазірдің өзінде Wildberries мобильді қосымшасында қолжетімді. Жақын арада оны маркетплейстің веб-нұсқасынан да пайдалануға болады. Қазір бұл функция киім, аяқ киім және аксессуарлар санатындағы ең танымал 1 миллионнан астам тауарда жұмыс істейді. Алдағы уақытта функция қолжетімді болатын тауарлардың саны көбейе береді.