Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша да, соңғы сөз де жолдасымда": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің мінезі туралы айтты

Гүлнұр Оразымбетова отбасымен
Фото: instagram.com/gulnurorazymbetova

Әнші Гүлнұр Оразымбетова отбасындағы қарым-қатынас пен үйдегі тәртіп туралы айтып, жолдасының мінезін сипаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, шаңырақтағы маңызды мәселелерде соңғы шешімді күйеуі қабылдайды. Ал ерлі-зайыпты арасында реніш туып қалса, алғаш болып тіл табысуға қадам жасайтын өзі екен.

Сондай-ақ әнші жолдасының қаржыға ұқыпты екенін және бала тәрбиесіне келгенде талапшылдық танытатынын жеткізді.

“Үйде соңғы сөзді жолдасым айтады. Ренжіскенде бірінші болып мен сөйлесемін. Отбасында ақшаны жақсы ұстайды. Бала тәрбиесінде қатал. Күйеуім маған көп комплимент айтады, “менің жұлдызымсың” дейді. Ас ішкенде телефонсыз отырамыз. Бақытты отбасының құпиясы – әке мен шешенің бір-біріне деген махаббатының нәтижесі”, – деді Гүлнұр Оразымбетова.

Еске салайық, бұған дейін Гүлнұр Оразымбетова жолдасы, ғалым Серікбай Өрікбайұлының 70 жас мерейтойын дүркіретіп атап өткені хабарланған еді. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың кадрларын бөлісті. Желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылады. Көпшілік ерлі-зайыптының жас айырмашылығына қатысты түрлі пікір білдірген.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2026 13:10