Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Оразымбетова не себепті ерте тұрмысқа шыққанын айтты

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында қалай тұрмысқа шыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/gulnurorazymbetova

Айнұр Ілиясованың: “Ерте тұрмысқа шықтым деп ойламайсыз ба?” деген сауалына өнер иесі: “Ол кезде ол жайлы ойлайтындай мүмкіндік болған жоқ. Солай болу керек болды. Шынымды айтсам, өмірімде жігіт пен қыз болып, жігітпен қол ұстасып жүрген емеспін. Жақсы көрді, мені өзі тауып алды. Бастапқыда оңай болған жоқ. Өйткені ол кісінің қызметі бар, мен де бала болдым. Бірақ мен бала болсам да, таңдауы маған түссе, демек менің ол кісімен сөйлесе алғаным. Себебі, мен әжемнің қолында болдым, үлкен кісілердің тәрбиесін көрдім. Кішкентай кезімде жеңгелерім маған “кемпірлер сияқты сөйлемеші” дейтін. Сол сияқты әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынас әңгімеден тұрады деп ойлаймын. Ерлі-зайыпты бір-бірімен әңгімелесуі керек”, – дейді Гүлнұр Оразымбетова. 

Талқылау