Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам 11 жастағы қызына зорлық жасады деген күдіктіні өз бетінше жазаламақ болды

Диего Монтойя Гонсалес
Фото: SGTnewsNetwork

АҚШ-тың Огайо штатында 31 жастағы ер адам 11 жастағы қызына зорлық жасады деген күдіктіні үйіне алдап шақырып, оған оқ атқан. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC 6-ға сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ мәліметінше, 15 шілдеде қыздың анасы оның телефонынан зорлық-зомбылық көріністері бар кадрларды байқап, бірден полицияға хабарласқан. Тергеу барысында 20 жастағы Диего Монтойя Гонсалес күдікке ілінген.

Кейін қыздың әкесі Малик Чендлер бұл туралы білген соң, күдіктімен өзі кездесуге шешім қабылдаған. Ол қызының TikTok парақшасын пайдаланып, Гонсалесті үйіне шақырған.

Чендлердің айтуынша, бастапқыда ол жігітті ұрып, кейін полицияға тапсырмақ болған. Алайда кездесу кезінде Гонсалес қалтасына қолын созғанда, әкесі оның қару алмақ болғанын ойлап, бірінші болып оқ атқан.

Екі жерінен оқ жарақатын алған күдікті ауруханаға жеткізілді. Ал Малик Чендлер ұсталған.

Кейін жүргізілген тергеу нәтижесінде Гонсалеске кәмелетке толмаған балаға сексуалдық зорлық жасады деген айып тағылған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Тергеу органдары істің мән-жайын анықтап жатыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2026 16:42