Қазақстандық әйел пәтеріндегі аяқталмаған жөндеу жұмыстары үшін төлеген ақшасын сот арқылы қайтарып алды
Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты пәтердегі жөндеу жұмыстарын тиісті деңгейде орындамаған мердігерге қатысты азаматтық істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қазан айында тараптар Алматы қаласындағы пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шарт жасасқан. Келісім бойынша жөндеу құны 6,2 миллион теңге болған.
Арызданушы әйел жөндеу жұмыстарының алғашқы үш кезеңі үшін мердігерге 4,7 миллион теңге төлеген. Алайда жұмыс толық аяқталмай, орындалған жұмыстар мен пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасы шарт талаптарына сәйкес келмеген.
Пәтер иесі мердігерден анықталған кемшіліктерді жоюды бірнеше рет талап еткен. Алайда оның талаптары орындалмаған. Кейін пәтер иесі мердігерді жқндеу жүріп жатқан пәтерге кіргізбей қойған.
Сот барысында жауапкер талапты мойындамаған жоқ. Ол жұмыстың белгілі бір бөлігі орындалғанын айтып, пәтерге кіру мүмкіндігі болмағандықтан жөндеу жұмыстарын толық аяқтай алмағанын алға тартты.
Іс бойынша жүргізілген сараптама нақты орындалған жұмыстар мен пайдаланылған материалдардың құнын 1,4 миллион теңге деп бағалаған.
Нәтижесінде сот мердігер шарт талаптарын елеулі түрде бұзған деген қорытындыға келді. Осыған байланысты сот келісімшартты бұзып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 3,9 миллион теңге өндірді. Бұдан бөлек, нотариаттық және өкілдік шығындар, сондай-ақ сараптама жүргізуге жұмсалған жалпы сомасы 385 мың теңге шығын өндірілді.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық ақауы бар көлік үшін салонды сотқа беріп, 21 миллион теңгесін қайтарып алғаны туралы жазған едік.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
