Қазақстандық әйел шашын басқа түске бояған салоннан 40 мың теңгесін қайтарып алды

Алматы облысында әйел шашын боятқаннан кейін көңілі толмай, сұлулық салонынан 40 мың теңге ақшасын толық қайтарып алды. Ол жағдайдан соң тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті оқиғаны баяндап берді. Әйел шашын бояту үшін сұлулық салонына барған. Алайда алынған нәтиже күткен түске сәйкес келмеген. Бұған қоса, процедура барысында шашына зақым келгені айтылды.
Салон қызметкерлері жағдайды түзету үшін қайта бояу жұмысын жүргізгенімен, қалаған нәтижеге қол жеткізілмеген. Осыдан кейін тұтынушы Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған.
Мамандар өтінішті қарап, сотқа дейінгі тәртіпте дауды реттеу жұмысын жүргізді. Кәсіпкерге заң талаптары түсіндіріліп, тұтынушы талабын ерікті түрде қанағаттандыру ұсынылды.
Нәтижесінде тараптар істі сотқа жеткізбей шешті. Сұлулық салоны көрсетілген қызмет үшін төленген 40 мың теңгені толық қайтарды.
Департамент мамандары тұтынушылар өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге құқылы екенін еске салды.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Оқыңыз