Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда бұрынғы әйелін атып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

Полиция мен күдікті
Фото: depositphotos.com/LyazaTretyakova

Қостанайда қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қостанай облыстық сотында Қостанай қаласының тұрғыны С-ға қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қаралды.

“2026 жылдың наурызында бұрынғы жұбайымен қызғаныштан туындаған жанжал кезінде С оны өлтіру мақсатында аңшылық карабиннен бұрынғы әйелінің басы мен кеуде тұсына екі рет дәлдеп оқ атқан. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмған. Одан кейін сотталушы С оқиға орнынан кетіп, полицияға өзі барып, кінәсін мойындап, өз еркімен арыз берген”, – делінген сот хабарламасында.

Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Нәтижесінде сот шешімімен күдікті С кінәлі деп танылып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде бұрынғы әйелін таяқпен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2026 21:48