Трюк жасаймын деп 20-қабаттан құлаған жасөспірім аман қалды
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында 18 жастағы жігіт қараусыз қалған элеватор ғимаратынан құлап, аман қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox 9 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 3 тамыз күні кешке болған. Бір топ жас қаладағы ерекше әрі қараусыз нысандарды аралап көруге барған. Солардың бірі биікте трюк көрсетпек болып, бір қолымен арқалыққа асылған.
Алайда ол қолын ұстап тұра алмай, шамамен 20-қабаттың биіктігінен төмен құлаған.
Қасындағы достары алғашында оны көз жұмды деп ойлап, бірден полиция шақырған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мен өрт сөндірушілер арнайы автосатының көмегімен зардап шеккен жігітке жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін ол ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер оның алған жарақаттарын өміріне қауіп төндіретін ауыр жарақаттар деп бағалап отыр.
Миннеаполис полициясының сержанты Гарретт Партен жігіттің мұндай биіктіктен құлап, тірі қалғанын ғажайып жағдай деп атады.
“Ескі ғимараттарды аралап, қызық жерлерді көруге деген құштарлықты түсінемін. Бірақ тәуекелге барғың келген сәтте ақылға жүгіну керек”, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін желкені сынып, мұхитта қалып қойған саяхатшы бір айдан кейін аман табылғаны хабарланған еді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді