Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көре алмайтындарға сәлем": Еркебұлан Тоқтар екінші "Гелендвагенін" сатып алды

Еркебұлан Тоқтар жаңа көлігін көрсетті
Фото: Видеодан скриншот

Танымал актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар жаңа көлік сатып алғанын айтып, көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, өзінің екінші Mercedes-Benz G-Class көлігін таныстырды. Ол осыдан жарты жыл бұрын да “Гелендваген” сатып алған еді.

Еркебұлан Тоқтар жаңа көлігін көрсете отырып, алғашқы "Гелендвагенін" алған кезде сынап, көреалмаушылық танытқан таныстарына да әзіл-шыны аралас сәлем жолдады.

“Жарты жыл бұрын мен “Гелик” сатып алған кезде көре алмай, іштарлық танытқан дос жігіттерім бар екен. Сол жігіттерге сәлем. Жігіттер, мен тағы бір “Гелик” сатып алдым. Енді көре алмауға болады”, – деді ол.

Актердің сөзінше, оның алғашқы “Гелендвагені” 2019 жылы шығарылған. Ал жаңадан алған көлігі – 2024 жылғы үлгі.

Еркебұлан Тоқтар көліктің бұрынғы иесіне оны шұғыл сату қажет болғанын, сондықтан өзіне тиімді бағаға сатып алғанын айтты.

Сондай-ақ актер жаңа темір тұлпарды қолындағы соңғы қаражатына алғанын жасырмады. Енді ол 2019 жылғы алғашқы “Гелендвагенін” сатуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар жасөспірім шағындағы гештальтын жапқаны хабарланған еді. Ол балалық арманын орындап, BMW T34 көлігін сатып алған. Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, “-1 гештальт” деп жазба қалдырған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 12 Тамыз, 2026 16:10