"Евразия" – AM Best агенттігінен A− рейтингін алған Қазақстандағы алғашқы сақтандыру компаниясы атанды
AM Best халықаралық рейтингтік агенттігі “Евразия” сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылық рейтингін B++ тан A− -ға дейін көтерді. Эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі да жоғарылайды − bbb+ тан a− -қа дейін, болжам – “Тұрақты”. “Евразия” СК AM Best-тен A қаржылық тұрақтылық рейтингін алған Қазақстанның алғашқы сақтандыру компаниясы болды.
AM Best межелі бойынша “Евразия” СК Good санатынан Excellent-ке ауысты. Жаңа рейтинг компанияның халықаралық қайта сақтандыру нарығындағы мүмкіндіктерін, соның ішінде ірі халықаралық тәуекелдерді қайта сақтандыруға қатысуын айтарлықтай кеңейтеді.
AM Best “Евразия” СК балансының тұрақтылығын Very Strong, ал операциялық көрсеткіштерді Strong ретінде бағалайды. BCAR үлгісі бойынша компанияның тәуекел-түзетілген капиталдандыруы Strongest деңгейінде − осы үлгі бойынша ең жоғары баға. Рейтингтің жоғарылауы баланстың іргелі көрсеткіштерінің тұрақтылығына, капиталдың жоғары ішкі генерациясына және дивидендтерді қайта капиталдандыру саясатына байланысты. Бұдан бөлек, агенттік инвестициялық портфельдің салмақты екенін және қаражаттың оңай қолжетімділігін (өтімділігін) айрықша атап өтеді. AM Best есептеуінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық тұрақтылық кіріс есебінен нығайған: атап айтқанда, біріктірілген шығындар коэффициенті (Combined Ratio) 71,2%-ды құраса, меншікті капиталдың кірісі (ROE) 22%-ға жетті.
Халықаралық қайта сақтандыру — бұл компания бизнесінің негізгі бағыттарының бірі. Мысалы, 2025 жылы түскен сыйлықақылардың жартысына жуығы халықаралық тәуекелдердің үлесіне тиді, олардың көбі ең алдымен АҚШ, Еуропа және Үндістаннан келді. "Евразия" СК-ның "А" рейтингін алуы оның халықаралық нарықтар мен қайта сақтандыру бағдарламаларындағы мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Өйткені мұндағы заңнамалар, реттеуші немесе нарық қатысушыларының талаптары қайта сақтандырушыдан ең төменгі рейтинг деңгейін міндетті түрде талап етеді.
Рейтингті арттыру компанияның өзі үшін ғана емес, Қазақстанның сақтандыру нарығы үшін де маңызды. А рейтингі және елеулі меншікті капиталдандыруы бар ұлттық сақтандырушының болуы ел ішіндегі ірі инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және мемлекеттік жобаларды сақтандыру және қайта сақтандыруды қорғауды ұйымдастыру бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді.
“A − біз үшін − бұл рейтингтің тағы бір сатысы ғана емес. “Евразия” Good санатынан Excellent-ке ауысты. Ал біздің тәуекел-түзетілген капиталдандыруды AM Best ең жоғары деңгейде – Strongest бағалайды. Бұл біздің халықаралық нарықтағы мүмкіндіктерімізді ғана емес, Қазақстанның ірі тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі мүмкіндіктерін де кеңейтеді. Бүгінде компания бизнесінің жартысына жуығы халықаралық қайта сақтандырумен байланысты. “Евразияны” жаһандық қайта сақтандыру нарығының ойыншыларының қатарына қосу біздің келесі міндетіміз”, − деп атап өтті "Евразия" СК Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаев.
AM Best-тің жоғарылатуы “Евразия” үшін қысқа мерзімдегі екінші рейтингтік оқиға болды. Бұған дейін S&P Global агенттігі “Евразия” СК рейтингін BBB+ деңгейіне көтерген болатын, бұл Қазақстанның егеменді рейтингінен бір саты жоғары.
“Евразия” СК 1995 жылы құрылған және бүгінде активтердің мөлшері мен пайда көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі жалпы сақтандыру компаниясы. ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2026 жылғы 1 шілдеге компанияның активтері 716 млрд теңгені немесе нарық үлесінің 41% құрайды. Салықтарды төлегеннен кейінгі таза пайда 39,1 млрд теңге деңгейінде қалыптасты. Реттеуші капитал 356 млрд теңгеден немесе Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығының жиынтық реттеуші капиталының 45,9% асты. Компания Қазақстанның халықаралық қайта сақтандыру саласында көшбасшы, бірінші жартыжылдықта бейрезиденттерден 52,8 млрд теңге немесе 54,2% сыйлықақы жинады. “Евразия” СК “Евразия” өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясының 100% акциясына иелік етеді. Осылайша топтың шоғырландырылған реттеуші активтері 1 трлн теңгеден асады.
AM Best − 1899 жылы АҚШ-та құрылған және сақтандыру саласына мамандандырылған халықаралық рейтингтік агенттік. Агенттік әлемнің 100-ден астам елінде жұмыс істейді.
Лицензия 26.12.2022 ҚР ҚНРДА берілген № 2.1.20
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады