Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Әлеуметтік желіде Астанада мүгедектігі бар спортшылар бірнеше жыл бойы жалақысының бір бөлігін федерация басшылығына беруге мәжбүр болғаны туралы жазба жарияланды. Спортшылардың айтуынша, қолда барлық дәлел болса да, Ішкі істер министрлігі де, жергілікті прокуратура да істі тоқтатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Параспортшы Жетес Нұрмағамбетов пен оның әріптесі Айжан Бекмұрат Астана паракарате федерациясының басшысы 23 ай бойы ай сайын 50 мың теңгеден "аз қамтылғандарға көмек ретінде" беруге мәжбүрлегенін айтты. Талаптан бас тартқандар бірден жұмыстан шығарылған.
Кейін "көмек алушылар" федерация басшысының туған әпкесі мен жақын құрбысы болғаны анықталған. Өтініш берілгеннен кейін федерация басшысы ақшаны қайтарып, кешірім сұрағанымен, Жетес Нұрмағамбетов арызын қайтарып алудан бас тартты. Спортшының қолында басшының ақша аударымдарын өзі бақылап, есеп талап еткенін растайтын нотариус куәландырған хат алмасулар бар. Алайда Ішкі істер министрлігі істі "қылмыс құрамы болмағандықтан" тоқтатқан. Тергеу нұсқасы бойынша, параспортшылар ақшаны басшыға "өз еркімен қарызға берген". Прокуратура да істі тоқтатуды қолдаған.

Осыған қатысты Stan.kz редакциясы Астана полициясы түсініктеме берді. Сарыарқа ауданы полиция басқармасының мәліметінше, параспортшылардың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
“А.Н. Бекмұрат және Ж.С.Нұрмағанбетовтың М.Д. Дукуеваға қатысты алаяқтық фактісі бойынша арыздары негізінде Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Сондай-ақ ведомство Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін атап өтті.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады