Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішіме тиіспеңдер": Ерке Есмахан жүктілік туралы сөзге жауап берді

Ерке Есмахан
Фото: Instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан желіде өзінің жүкті болуы мүмкін деген қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін өнер иесінің сахнаға кең киіммен шыққан видеосы тараған соң, әлеуметтік желі қолданушылары оның аяғы ауыр болуы мүмкін деген болжам жасаған еді. Әнші бұл жолы көпшіліктің жорамалына өзі жауап берді.

“Ішіме тиіспеңдер. Бұл менің үш ұлдың анасы деген ең жоғарғы статусым ғой. Кететін шығар, босанғаныма бір жыл ғана болды ғой”, – деп жазды Ерке Есмахан.

Осылайша әнші желідегі қауесетті жоққа шығарып, дене бітіміндегі өзгерісті жуырда ана атануымен байланыстырды.

Ерке Есмахан
Фото: Instagram.com/erke_esmahan

Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан жарты жыл бойы жасырған құпиясын ашқаны хабарланған еді. Ол кейінгі алты ай бойы жасырын түрде жұмыс істеген үлкен жобасын аяқтағанын айтты. 

Өнер иесінің айтуынша, ол осы уақыт ішінде атқарған жұмысы туралы ешкімге тіс жармай, жобаның нәтижесін соңына дейін құпия сақтауға тырысқан.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2026 11:48