Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан жарты жыл бойы жасырған құпиясын ашты

Ерке Есмахан ұлдарымен
Фото: Instagram.com/erke_esmahan/

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан кейінгі алты ай бойы көпшілікке жарияламай, жасырын түрде жұмыс істеген үлкен жобасын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші мұны әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Өнер иесінің айтуынша, ол осы уақыт ішінде атқарған жұмысы туралы ешкімге тіс жармай, жобаның нәтижесін соңына дейін құпия сақтауға тырысқан.

“Алты айлық үлкен еңбектің нәтижесі жарыққа шығатын күн де жақындап қалды. Осы уақытқа дейін бұл жұмыс туралы ешкімге айтпадым, немен айналысып жүргенімді де көрсетпедім”, – деп жазды әнші.

Жобаның аяқталуына орай Ерке Есмахан кішкентай екі ұлымен бірге естелік суретке түскен. Әншінің сөзінше, бұл фотолар оның өміріндегі маңызды күндердің бірін есте қалдыру үшін жасалған.

Алайда Ерке Есмахан әзірге нақты қандай жоба туралы айтып отырғанын ашып айтпады.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 16 Шілде, 2026 12:00