Ерке Есмахан Мальдив аралдарындағы отбасылық демалысынан әсерлі сәттерді көрсетті
Фото: instagram.com/erke_esmahan/
Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Мальдив аралдарындағы демалысынан жаңа фотолар жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі суреттерді әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді. Кадрларда – отбасының жайлы сәттері, аппақ жағалаудағы серуендер және үйлесім мен жылулыққа толы курорттың тыныш атмосферасы бейнеленген.
Әсіресе, балаларымен түскен фотолар жанкүйерлерді ерекше толқытты. Сондай-ақ әншінің ашық түсті жазғы киімдердегі нәзік образдары да көпшіліктің назарын аударды.
Әнші жазбасында уақыттың зымырап жатқанын, кенже ұлының 8 айға толғанын айтты.
“Уақыттың зымырауын байқайсыздар ма? Батырды кеше ғана босанған сияқты едім, ертең 8 айға толайын деп отыр. Шүкір! Жыл өтіп, қасиетті Рамазан айына да жетіп қалдық. Көзді ашып-жұмсақ, жайма-шуақ жаздың да ауылы алыс емес секілді. Сол үшін әр сәтті сезініп, уақытымызды бағалап, ойымызды саралап, мәнді, сәнді, бақытты ғұмыр кешейік”, – деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның әзілі қазақстандықтарға жақпай қалғаны хабарланған еді.