Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сенен шабыт аламыз": Еркебұлан Тоқтар жас блогердің арманын орындады

Еркебұлан Тоқтар мен Алексей
Фото: Видеодан скриншот

Танымал актер әрі ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар 19 жастағы Алексей Журавлевтің арманын орындап, бірге жаттықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін өскемендік Лехабай әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, актермен бірге жаттыққысы келетінін айтқан еді.

“Еркебұлан Тоқтар мен сізді жекпе-жекке шақырмаймын, бірақ сізбен жаттыққым келер еді”, – дейді ол видеода. 

ММА жауынгері жас блогердің қалауын естіп, оны Алматыға шақырған.

“Сонау Астанадан келіп тұр”, – дейді актер.

Видеода блогерлер бірге жаттығу жасады. Желі қолданушыларының назарын Лехабайдың 100 рет кеудені жерден көтеру жаттығуын жасағаны аударды. Сондай-ақ ол 50 рет белтемірде тартылды.

“Астанаға барайын деп едім, өзіміз келеміз деді. Мұны естіп өмірге деген құлшынысы зор жігіт екен деп ойладым. Екі аяғым сау болса да кейде жаттығуға баруға ерінемін. Сен сияқты жігіттерді көрген кезде шабыт аласың, сол үшін саған рақмет”, – дейді актер

Сонымен қатар Ескебұлан Тоқтар блогерге өзінің қолғабын сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін Бота Миа лақап атымен танымал блогер Ақбота Нұрақын актер әрі поп-ММА өкілі Еркебұлан Тоқтармен өзін не байланыстыратынын ашық айтқаны хабарланған еді. 

Блогер бүгінде актермен жұмыс бабымен ғана араласатынын айтты. Оның сөзінше, бұған дейін бірге түсірілген контент жарнамалық сипатта болған.

Кейін жүргізуші блогерге “Еркебұлан сіздің талғамыңыздағы жігіт пе?” деген сұрақ қойды. Бота Миа Еркебұланның бойында өзіне ұнайтын қыры көп екенін жасырмады.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 18 Мамыр, 2026 10:50