Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Талғамыма сай келмейді деп айта алмаймын": Блогер Бота Миа мен Еркебұлан Тоқтардың арасында не бар?

Бота Миа мен Еркебұлан Тоқтардың арасында не бар?Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Бота Миа лақап атымен танымал блогер Ақбота Нұрақын Jai Soile жобасына берген сұхбатында актер әрі поп-ММА өкілі Еркебұлан Тоқтармен өзін не байланыстыратынын ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер бүгінде актермен жұмыс бабымен ғана араласатынын айтты. Оның сөзінше, бұған дейін бірге түсірілген контент жарнамалық сипатта болған.

“Біз әріптеспіз. Негізі біз бірге тек жарнама түсірдік, бірақ оны қалай тәтті беру керегін білеміз. Адамдар “Осы екеуінің арасында не бар?” деп сұрақ қоюы үшін, қаралым жинау үшін осылай істейміз, яғни контентке “тәтті” әрекеттер қосамыз. Соның арқасында көп адам көреді, тағы да тапсырыстар келеді. Жақсы түсіргеніміз соншалық адамдардың 50%-ы жарнама екенін байқамай қалды.

Кейін жүргізуші блогерге “Еркебұлан сіздің талғамыңыздағы жігіт пе?” деген сұрақ қойды. Бота Миа Еркебұланның бойында өзіне ұнайтын қыры көп екенін жасырмады.

“Менің ойымша, қазір Еркебұлан Қазақстан бойжеткендерінің 99%-ының талғамына келеді. Ол кісінің маған ұнайтын тұсы өте көп. Ол кісі еңбекқор, өмір тәртібі, сөйлеу мәнері, тік, анық, жалпы алға қойған мақсаты, ер азаматтың мысы бәрі бар. Жоқ, ол менің талғамыма сай келмейді деп айта алмаймын. Қазір арамызда бір сезім жоқ, оны ашатын уақытымыз да болған жоқ. Біз тек жұмыс бойынша кездесеміз. Бірақ бір отырсақ, әңгімеміз өте жақсы жарасады, мүмкін соның арқасында біздің жұмысымыз да көп адамға ұнаған шығар”, – деп жауап берді ол.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Бота MИA тиран жігіттен қалай құтылғанын айтқан еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 13:08