Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда ресми жұмыс істей алады

оңтүстік корея жұмыс
Фото: CNA

2028 жылдан бастап қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда арнайы Employment Permit System (EPS) жүйесі арқылы заңды түрде жұмысқа орналаса алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тиісті келісімге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында екі елдің бейінді министрліктері қол қойды.

Employment Permit System (EPS) жүйесі қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында азаматтарға E-9 визасы үш жылға беріледі. Оны төрт жыл он айға дейін ұзартуға болады.

Қазақстандықтар бес негізгі бағыт бойынша жұмыс істей алады:

  • өндіріс;
  • құрылыс;
  • ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы;
  • балық шаруашылығы;
  • қызмет көрсету саласы.

Еске салайық, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Аскарбек Ертаев Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істейтін қазақстандықтарға жоғары жалақы уәде етілгенін айтқан еді. Азамат шетелде заңды түрде жұмыс істесе, онымен еңбек шарты жасалады. Онда тасымалдау, медициналық қызмет, сақтандыру және, әрине, еңбекақы қарастырылған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 16 Қыркүйек, 2026 12:03