Қазақстандық жігіт лифттегі пранк үшін жаза арқалады
Желіде пранк видео үшін төбелес ұйымдастырған адам айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрда жігіт лифтте қыздың қолын қысып, қысым көрсеткендей кейіп танытады. Лифтте тұрған тағы бір қыз мұны көріп жігітке ескерту жасайды. Ақырында жанжал төбелеске ұласады. Соңында олар қызға бұл жай ғана әзіл деп айтады.

Полиция әлеуметтік желілерді бақылау кезінде видеожазбаны анықтады. Олар видеоға түсірілген әрекеттер лифттегі адамдарға қауіп төндіреді деп есептеді.
"Мұндай "әзілдерге" жол берілмейді. Біз азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және басқаларға құрметпен қарауға шақырамыз", – делінген хабарламада.
Қызылордада 20 жастағы әзілкеш тез табылып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, ал сот оған айыппұл салды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"