Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің финалына шыққаны үшін қанша сыйақы алды
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жартылай финалда Рыбакина WTA рейтингінде 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерді 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық теннисші кемінде 114 500 доллар (шамамен 51,65 миллион теңге) сыйақы алатынына кепілдік берді. Сонымен қатар оның рейтингіне 325 ұпай қосылады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 206 446 долларды құрайды. Чемпион атанған теннисші 185 500 доллар сыйақы мен WTA рейтингінің 500 ұпайына ие болады.
Финалда Елена Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі. Матч 25 қазанда өтеді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"