Ақтөбелік ата-аналар құны 30 мың теңге болатын мектеп формасына қарсы шықты
Ақтөбедегі мектептердің бірінде кадет сыныптары ашылып, оқушыларға құны 30 мың теңге болатын арнайы форма мен фуражка сатып алу міндеттелген. Ата-аналар жаңа мектеп формасына наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбедегі Дулатұлы атындағы №63 мектеп-лицейде кадет сыныптарының оқушыларына құны 30 мың теңге болатын арнайы форма сатып алу қажет. Оқушылардың бірінің анасының айтуынша, бұл жиынтық екі маусымға есептелген және балалардың күнделікті мектеп формасының орнына киіледі.
"Бір балаға форма шамамен 30 мың теңге тұрады. Бұл екі маусымға есептелген. Мектеп формасының орнына осы киімді киеді. Әскери формаға ұқсайды, оның үстіне фуражкасы бар. Ата-аналар наразылық білдірді, бірақ бізге бұл жоғарыдан келген бұйрық деп айтты. Балалар неге мектепке мұндай форма мен фуражка киіп баруы керек? Неге біз одан бас тарта алмаймыз?" – дейді оқушының анасы.
Ақтөбе облысының білім басқармасы кадет сыныптарының мектепте ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде ашылғанын түсіндірді.

Ведомствоның мәліметінше, арнайы форма тек кадет сыныптарында оқитындарға арналған.
"Форма тек кадет сыныбында оқитын оқушыларға қажет. Онда оқу тек ерікті түрде жүзеге асырылады. Балаларды кадет сыныптарына ауыстыру туралы ешқандай бұйрық болған жоқ. Ата-аналардың баласын кадет сыныбында оқытудан толықтай бас тартуға құқығы бар. Баласының кадет бағдарламасына қатысуын жоспарламайтын ата-аналардың балалары сол параллельдегі кәдімгі сыныптарда оқуын жалғастыра алады немесе сол сыныптарға ауыстырылады. Онда мектеп формасына қойылатын стандартты талаптар сақталады", – деп жауап берді Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Ләззат Асабаева.
Егер ата-аналар баласының кадет бағдарламасына қатысқанын қаламаса, оны сол параллельдегі кәдімгі сыныпта қалдыруға немесе басқа қарапайым сыныпқа ауыстыруға болады.
Еске салсақ, оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылындағы мектеп формасына қойылатын талаптарды атаған.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді