"Дін мемлекеттен бөлек, білім беру жүйесі зайырлы": Министрлік жаңа оқу жылында мектеп формасы талаптарын атады
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы басталар алдында зайырлылық принципін еске салып, мектеп формасына қатысты талаптарды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәлімдеуінше, Жаңа Конституциясы бойынша дін мемлекеттен бөлек, ал білім беру ұйымдарындағы білім мен тәрбие беру жүйесі зайырлы сипатқа ие.
Ведомоство міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар оны қолдануда бірізділікті қамтамасыз етуге, ата-аналардың оң көзқарасын қалыптастыруға және білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Оны таңдауда білім алушылардың жас ерекшеліктері, климаттық жағдайлар, сабақ өтетін орын, оқу ғимаратындағы температуралық режим және қауіпсіздік талаптары ескеріледі.
“Мектеп формасының пішімін білім беру ұйымы қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің және мектептегі өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен айқындайды. Ол жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Мектеп формасына енгізілетін өзгерістер де аталған кеңестермен келісу арқылы қабылданады”, – делінген хабарламада.
Ата-аналар мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып ала алады. Білім беру ұйымдары тарапынан жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге жол берілмейді.
Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында мектеп формасын, аяқ киім мен мектепке қажетті құралдарды сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. 2026-2027 оқу жылы қарсаңында мұндай қолдаумен 450 мыңға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 миллиард теңге қарастырылған.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес мектеп формасында жарақат келтіруі мүмкін фурнитура мен аксессуарлар болмауы тиіс. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген қағидаларға сәйкес оқу ғимараты ішінде бас киіммен жүруге жол берілмейді.
Бұған дейін де Оқу-ағарту министрі мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылатынын ескерткен еді.
Көкжайлауда тау кластерін салу үшін 2600-ден астам ағаш кесіледі: Экологтар оның ауа спасы мен температураға әсерін айтып дабыл қақты