Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тек хиджабқа қатысты емес": Оқу-ағарту министрі мектеп формасын сақтамаған оқушылардың ата-аналары жауапқа тартылатынын мәлімдеді

мектеп формасын сақтамаған оқушылардың  ата-аналары жауапқа тартыладыФото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылар мектепте форманы сақтамаса, олардың ата-аналары жауап беретінін айтты. Бұған хиджаб та кіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің сөзінше, оқушы мектеп формасын кимей, тәртіпке бағынбаса, оған ата-анасы жауап береді.

"Мектептер өздерінің ішкі жарғыларына сәйкес, мектеп формасын қатаң сақтауды талап етуі керек. Ата-аналарды мектеп формасын бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілікке тартатын заңнамалық база бар екенін ескерткім келеді. Барлығы мектептердің ішкі ережелерін қатаң сақтауы керек. Бұл хиджабтарға ғана қатысты емес. Бұл білім беру ұйымдарында мектеп формасын қатаң сақтауға қатысты", – деді ол.



Еске салайық, бұған дейін Жанәділ Райымбеков атышулы блогер мектепте "мини юбка" киген қыздар жүкті болып жатыр деп мәлімдеген еді.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 16:20
Талқылау
`