Тоқаев Қазақстанда шахматтан ірі халықаралық жарыстар өткізу үшін не істеу керегін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турловты қабылдап, лауазымымен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Оның айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді.
Тоқаев Тимур Турловты Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президенттің айтуынша, бұл Қазақстан мен отандық шахмат мектебінің әлемдік аренадағы абыройы артып келе жатқанын көрсетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль иеленген әйелдер құрамасының жарқын жетістігін айрықша атап өтті.
Бұдан бөлек, Президент Қазақстан шахмат федерациясының алдында тұрған басым міндеттерді атады.
“Құрама команданың әзірлігін күшейту, жас таланттарды анықтау мен даярлаудың тиімді жүйесін құру, білім беру саласында шахматты ілгерілету және өңірлерде шахмат инфрақұрылымын дамыту қажет”, – деп тапсырды президент.
Ол отандық бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда шахматтан ірі халықаралық жарыстар өткізу үшін ұлттық федерация мен FIDE арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды екенін айтты. Сөйтіп Тимур Турловтың жауапты қызметіне табыс тіледі.

FIDE басшысы шахматты дамытуға ден қойып, оған қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар шахматты әлемде кеңінен насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ұлттық шахмат федерацияларының қатысуымен жаңа жобаларды іске асыру жөнінде мәлімет берді.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық кәсіпкер әрі қаржыгер Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланғаны туралы жазған едік. Турлов FIDE басшылығына келген Қазақстанның алғашқы өкілі. Тоқаев оған құттықтау жеделхатын жолдады.
Бір аптада жүріп-тұрудан әрі сөйлеуден қалған: Қазақстандық қыз қызылша салдарынан ауыр дертке шалдықты