Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кейбір өңірінде алдағы күндері жаңбыр жауып, көктайғақ болады

ауа райы (2)
Фото: magnific.com

Синоптиктер 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болып, жаңбыр жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр және сулы қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін. Қазақстанның шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жаңбыр жаумайды. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертең тұман түседі.

Елдің батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасының негізгі фоны +10+17°С болады.

Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны +3+10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік күтіледі.

Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 07 Қазан, 2026 16:34