Altyn Bank "Алтын ұя" атты жаңа ипотекалық бағдарламасын іске қосты
“Altyn Bank” АҚ China Citic Bank Corporation Limited ЕБ (бұдан әрі-Банк) “Алтын ұя” жаңа ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Оның шарттарына сәйкес, тұрғын үй құнының 20%-ынан басталатын алғашқы жарнамен ипотека рәсімдеуге болады. Яғни жылдар бойы баспана құнының жартысын жинаудың қажеті жоқ. Ипотека бойынша мөлшерлеме жылдық 7%-дан 16%-ға дейін (ЖТСМ 7,23%-дан 17,23%-ға дейін) және бұл мөлшерлеме өзгермейді, берешектің бүкіл мерзіміне бекітіледі.
“Алтын ұя” бағдарламасының механизмі классикалық жинақтау бағдарламаларынан ерекшеленеді. Мұнда депозит ашып, бірнеше жыл бойы қажетті соманы жинаудың қажеті жоқ. Клиент алдымен ипотекаға өтінім беріп, Банктің мақұлдауын алады. Содан кейін тұрғын үй құнының 20%-ынан басталатын өз қаражатын кепілдік депозитіне орналастырады, ал Банк жылжымайтын мүліктің толық құнына ипотекалық қарыз береді. Депозиттегі қаражат клиенттің меншігінде қалады, алайда ипотека мерзімі ішінде оны пайдалануға болмайды. Қаражатқа жылдық 0,1% (ЖТСМ 0,1%) сыйақы есептеледі және мерзім соңында ол негізгі борыштың қалған бөлігін өтеуге бағытталады.

“Алтын ұя” бағдарламасының шарттары:
- кепілдік депозитіне орналастырылатын қаражат – жылжымайтын мүлік құнының 20%-ынан бастап;
- мөлшерлеме – жылдық 7%-дан 16%-ға дейін (ЖТСМ 7,23%-дан 17,23%-ға дейін);
- қарыздың ең жоғары сомасы – 175 млн теңгеге дейін;
- ипотека мерзімі – 15 жылға дейін;
- кепілдік депозиті бойынша мөлшерлеме – 0,1% (ЖТСМ 0,1%);
- бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға болады.
“Біз ипотекалық өнімді клиент үшін барынша түсінікті әрі ыңғайлы еттік. Бүгінде көптеген отбасы үшін баспана сатып алудағы негізгі кедергілердің бірі – қомақты қаражат жинау қажеттілігі. “Алтын ұя” бағдарламасы бойынша жылжымайтын мүлік құнының 20%-ынан басталатын қаражат жеткілікті. Ол кепілдік депозитіне орналастырылады, ал клиент ипотеканы бірден рәсімдеп, баспана сатып ала алады. Бұл ретте мөлшерлеме қарыздың бүкіл мерзіміне бекітіледі, яғни қарыздың бір түрінен екіншісіне ауысу немесе шарттарын өзгерту қажеттілігі жоқ. Біз үшін өз баспанасын сатып алуға ұмтылған клиенттің сұранысын бірнеше жыл кейінге шегермей, бұл қадамды бүгін жасауына мүмкіндік беру маңызды”, – деді “Altyn Bank” АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Динара Арслан.
Жаңа ипотеканың тағы бір ерекшелігі – қарыз алушының ай сайынғы қаржылық жүктемесін төмендету мүмкіндігінде. Кепілдік депозиті механизмі төлемді отбасылық бюджет үшін қолайлы етуге және тұрғын үй сатып алу қолжетімділігін арттыруға көмектеседі.
“Алтын ұя” бағдарламасы қарыз берілгеннен кейінгі келесі күннен бастап-ақ клиенттің өз қаражаты есебінен ішінара немесе толық мерзімінен бұрын берешекті өтеуге мүмкіндік береді.
Жақын арада Altyn Bank бағдарламаға серіктес құрылыс компанияларын да қосуды жоспарлап отыр. Бұл “Алтын ұя” бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңейтеді: клиенттер Банктің серіктестерінен дайын тұрғын үймен қатар салынып жатқан тұрғын үйді де, оның ішінде үлестік қатысу шарты (ҮҚШ) бойынша сатып ала алады.
“Алтын ұя” бағдарламасының іске қосылуы Altyn Bank-тің ипотекалық өнімдер желісін кеңейтіп, нарықтық ипотеканың қолжетімділігі халық үшін өзекті мәселелердің бірі болып отырған кезеңде клиенттерге жеке баспана сатып алудың қосымша мүмкіндігін ұсынады.
ҚР АРРФР лицензиясы № 1.1.114, № 3.3.254/46 23.10.2024 ж.