"Алғашында Саят Медеуовті алғылары келген": Сәкен Майғазиев "МузАРТ" тобының құрылу тарихын айтып берді
Әнші Сәкен Майғазиев “Хабар” арнасына берген сұхбатында “МузАРТ” тобының құрылу тарихын еске алды. Оның сөзінше, топқа қосылу туралы алғашқы ұсыныс Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Беспаевтан түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәкен Майғазиев сол кезде студент болып, мейрамханаларда ән айтып жүрген. Бір күні ол Көкбазар маңындағы аялдамадан Мейрамбек Беспаевты кездейсоқ кездестірген.
“Мейрамбек “Сәкен, сені қанша уақыттан бері іздеп жүргенімізді білесің бе?” деді. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Өзіміз де пәтерден пәтерге көшіп жүрген кез. Пейджерім бар еді, соның нөмірін қалдырдым”, – деп еске алды әнші.
Кейін олар кешке кездесіп, жаңа топ құру идеясын талқылаған.

Сәкеннің айтуынша, бастапқыда Мейрамбек Беспаев пен Мақсат Базарбаев дуэт болып шығуды ойлаған. Алайда кейін “Нұр-Мұқасан” тобына ұқсап кетпес үшін үш адамнан тұратын құрам жасақтау туралы шешімге келген.
Осы кезде Мақсат Базарбаев Сәкен Майғазиевтің кандидатурасын ұсынған.
“Мақсаттың есіне мен түсіппін. “Сәкен деген жігіттің дауысы ашық еді” деп мені ұсынған”, – деді ол.
Әнші топтың үшінші мүшесі ретінде алғашында Саят Медеуовтің кандидатурасы да қарастырылғанын айтты.
“Негізі алғашында Саят Медеуовті алғылары келген. Бірақ үш түрлі дауыс болуы керек деген ойға тоқтап, мені таңдаған”, – деді Сәкен Майғазиев.
Айта кетейікғ бұған дейінКенжебек Жанәбіловтің денсаулығы сыр бергені хабарланған еді. Өнер иесі сол күні Шымкентте өтетін ән кешіне баруы керек болғанын, алайда жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты ауруханаға жеткізілгенін жазды.
"Баламды аман қайтарыңдаршы": Ресейге жұмысқа барып, соғыс ортасынан бір-ақ шыққан қазақстандықтардың жақындары министрлікке жиналды