Ер адам 50 лотерея билетін сатып алып, 50 рет қатарынан ұтты
АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында тұратын ер адам лотереядан 50 рет қатарынан ұтысқа кенелді. Ол бірдей комбинациямен 50 билет сатып алып, нәтижесінде барлық билет бойынша жеңіске жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
UPI мәліметінше, ер адам 50 бірдей лотерея билетін сатып алуға ішкі түйсігі себеп болғанын айтқан. Оның сөзінше, сол сәтте жолы болатындай ерекше сезімде болған.
“Өзімді жолы болғыш адамдай сезіндім”, – деді ол.
Ер адамның түйсігі алдамаған. Сатып алған 50 билеттің барлығы ұтысты болып шығып, оған жалпы сомасы 250 мың доллар (111,8 миллион теңге) көлемінде жүлде әкелген.
Ол барлық билетке бір ғана сандық комбинацияны таңдаған. Дәл осы комбинация 50 билеттің әрқайсысына ұтыс әкеліп, ер адам бір сәтте 50 рет жеңімпаз атанған.
Алайда қомақты ұтысқа қарамастан, ол бұл сандарды енді қайталап қолданбайтынын жеткізді.
Ер адам дәл сол комбинацияның екінші рет те осындай сәттілік әкелетініне сенбейді. Оның айтуынша, бір рет жолы болғанымен, дәл сондай жағдайдың қайта қайталану ықтималдығына күмәнмен қарайды.
"Баламды аман қайтарыңдаршы": Ресейге жұмысқа барып, соғыс ортасынан бір-ақ шыққан қазақстандықтардың жақындары министрлікке жиналды
